Назаров Жанболат Опабекұлы
Өмірбаян
№129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицей директоры, үшінші санатты мектеп-директоры, музыка пәнінен бірінші санатты.
Назаров Жанболат Опабекұлы 1971 жылы 9 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген.
1978 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1988 жылы № 129 «Қызылту» орта мектебін бітірген.
1988 жылы осы кеңшарда жұмысшы болып бастады.
1989 жылы Қызылорда Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институттың әуез және мәдени ағарту факультетіне түсіп, 1994 жылы осы институтты бітіріп шықты.2017 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» универмитетінің тарих пәні мұғалімі бойынша мамандығын алып шықты.
1994 жылы Шіркейлі ауылындағы музыка мектебіне мұғалім болып қабылданды.
1996 жылы Н.Ілиясов ауылындағы балалар әуез мектебінің директоры болып қызмет атқарды.
1997 жылы Н.Ілиясов ауылындағы № 132 орта мектебіне кластан тыс және ән үйірмесінің жетекшісі болды.
2001 жылы Шіркейлі ауылындағы № 129 Ә.Жәмішев атындағы мектепте мұғалім болып қабылданды.
2001 жылы № 129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .
2003 жылы № 129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебіне ән-әуез үйірмесінің жетекшісі.
2005 жылы № 129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің педагог – психологі.
2005 жылы № 129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінде директордың бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары.
2007 жылы осы мектепке педагог – психологі
2008 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін № 129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейі директоры болып қызмет жасап келеді.
1992 жылы отбасын құрдым. Жанұямда екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.
Осы жылдар аралығында көптеген жетістіктері.
2004 жылы Облыстық білім басқармасының кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен»;
2006 жылы Облыстық білім басқармасы кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен»;
2007 жылы Облыстық білім басқармасының кәсіподақ комитетенің «Дипломымен»;
2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен»;
2012 жылы Сырдария аудан әкімінің «Алғыс хатымен»;
2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «Дипломымен»;
2014 жылы Республикалық «Нұр Отан» партиясының «Құрмет грамотасымен»;
2014 жылы ҚР Білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен» ;
2015 жылы Сырдария аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен»;
2016 жылы «Үздік ұстазға» Алғыс хатымен;
2016 жылы Сырдария аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен»;
2017 жылы Облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым;
Астана қаласының 20 жылдығына орай «BILIM-ORKENIEТY» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Үздік директор – 2018» байқауының жеңімпазы, «Төс белгісімен және І дәрежелі» дипломмен;
Аудан әкімінің «Ең шығармашыл директор-2018» номинациясымен,
2018 жылы Аудан әкімінің Алғыс хатымен,
2019 жылы Облыс әкімінің Алғысымен,
2020 жылы МОН-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.