06
май
2024
Отан үшін отқа күйген ата-бабамыздың ерлігін ұлықтау ендігі біздің еншімізде.
Отан үшін отқа күйген ата-бабамыздың ерлігін ұлықтау ендігі біздің еншімізде. Атаулы күннің мәнін, қасиетін жоғалтпай келесі ұрпаққа жеткізу – бүгінгі жастардың үлкен міндеті. Жеңіс күнін мерекелеу кезінде отандастарымыздың батылдығын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсіндегі «Жеңіс лентасы» патриоттық лентасын мектеп ұжымы түгел тағу ұсынылды.
Бұл лента жай шүберек емес, оны аталарымыздың қан майданда төгілген қаны мен жеңіс үшін деп алға ұмтылғанда тамшылаған маңдай терінің белгісі һәм жас ұрпақтың тарихқа құрметі деп тануымыз керек. Ол – әр ұланның кеудесінде желбіреп, олардың патриоттық сезімін оятатын, отаншылдықтың бір белгісі! Сондықтан өзгенің емес, өзіміздің Жеңіс лентамызды тағайық!