14
март
2023
‼️‼️Ата -аналар назарына!‼️‼️ Қазіргі таңда "Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқан басталды.Ашық терезе бала үшін қауіпті екенін естен шығармаңыз. Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық қалдырмаңыз.
Ата -аналар назарына!
Қазіргі таңда "Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқан басталды.Ашық терезе бала үшін қауіпті екенін естен шығармаңыз. Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық қалдырмаңыз. Сіз баланың жанында тұрғандай болсаңыз да, бір секундқа көңіліңіз ауып кетсе, сол секунд баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін. Ешқашан шыбын-шіркейге қарсы торларды қорған ретінде пайдаланбаңыз. Балалар оған сүйеніп, әлсіз тұрған тормен бірге құлап кетеді. Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге кедергі орнатыңыз. Бала терезеге көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жанына орналастырмаңыз. Барынша сақ болыңыз, ата-ана!